Марокконың Рабат қаласында пара жеңіл атлетикадан Гран-приде қазақстандық пара спортшылар 1 алтын, 4 күміс және 6 қола медаль жеңіп алды.
Атап айтқанда, диск лақтырудан F-53 класында өнер көрсеткен Махамбет Серикалиев жеңімпаз, ал Санат Есмахамбет қола жүлдегер атанды.Мейіржан Макшат T-46 класында ұзындыққа секіруден күміс жүлдені еншіледі. 200 м қашықтыққа жүгіруден Мейіржан Мақшат(T-46) пен Аман Устебаев (T-36) жарыстың қола жүлдесіне ие болды. Найза лақтырудан Мұқан Айтмырзаев (F-55) пен Махамбет Серикалиев (F-53) қола жүлдені жеңіп алды.Ядроны серпуден Дастан Мукашбеков (F-36), Равиль Мансурбаев(F46) және Мұқан Айтмырзаев (F-55) күміс медаль еншілесе, Диана Шапошникова (F-40) қола медаль жеңіп алды. Айта кетсек, тірек-қимыл аппараты, көру қабілеті зақымданған және интеллектуалды даму ерекшеліктері бар спортшылар арасында өткен пара жеңіл атлетикадан Гран-при жарысы 23-25 сәуір аралығында өтті. Аталмыш додаға 57 елден 750-ден астам спортшы қатысты.

