Дубайда пара атлеттер 15 медаль жеңіп алды

Дубайда пара атлеттер 15 медаль жеңіп алды

Дубайда пара жеңіл атлетикадан әлемдік Гран-При сериясында қазақстандық спортшылар 3 алтын, 4 күміс және 8 қола медаль еншіледі:   1 орын – Дастан Мукашбеков (ядроны серпу F36); 1 орын – Мейіржан Мақшат (400 м жүгіру T46); 1 орын – Асем Жанадилова (ядроны серпу F56);   2 орын – Еламан Жоламан (ядроны серпу F35); 2 орын – Руфат Хабибуллин ( найза лақтыру T64); 2 орын – Игорь Хлыстов (100 м жүгіру T45); 2 орын – Бекжан Бөлкетай (ұзындыққа секіру T12);   3 орын – Мейіржан Мақшат (ұзындыққа секіру T46); 3 орын – Руфат Хабибуллин  (100 м жүгіру T64); 3 орын – Мұқан Айтмырзаев (ядроны серпу F55); 3 орын – Мұқан Айтмырзаев (найза лақтыру F55); 3 орын – Махамбет Серікқалиев (найза лақтыру F53); 3 орын – Игорь Хлыстов (400 м жүгіру T45); 3 орын – Каржаубай Тинеев (400 м жүгіру T13); 3 орын – Нұрлы Кырымов (400 м жүгіру T12).   «Бұл Гран-При спортшыларымыз үшін биылғы жылдың алғашқы халықаралық жарысы болып келеді. Атлеттеріміз жақсы нәтиже көрсетті. Бұл спортшыларымыздың рейтингісіне үлкен әсер береді. Алдымызда сәуір айында Морокко елінде және маусымда Тунисте өтетін Гран-При жарыстары бар. Сонымен қатар биыл қыркүйек-қазан айларында Үндістанда әлем чемпионаты өтеді. Аталған жарыстарда да спортшыларымыз үздіктер қатарынан көрінеді деп сенемін», - деді пара жеңіл атлетикадан ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы  Тахир Мамашаев   Айта кетсек, пара жеңіл атлетикадан әлемдік Гран-При сериясы 10-13-ші ақпан аралығында өтті. Жарысқа 41 мемлекеттен 360-тан астам спортшы қатысты.

Жаңалықпен бөлісу

Пайдалы сілтемелер

Паралимпиада спортының барлық жаңалықтары Сурдлимпиада спортының барлық жаңалықтары IWAS барлық жаңалықтары