Қазақстандық пара жеңіл атлеттер әлемдік Гран-При сериясында жүлдегер атанды

Қазақстандық пара жеңіл атлеттер әлемдік Гран-При сериясында жүлдегер атанды

Дубайда пара жеңіл атлетикадан әлемдік Гран-При сериясында қазақстандық спортшылар жарыстың алғашқы күнінде 4 медаль жеңіп алды: 1 «алтын», 2 «күміс» және 1 «қола». Ядроны серпуде Дастан Мұқашбеков снаярдты 14,69 м жеткізіп алтын медальді еншілесе, Еламан Жоламан 12,48 м нәтижесімен күміс жүлдегер атанды. Найза лақтырудан Руфат Хабибуллин 45,95 м нәтижесімен күміс жүлдеге ие болса, ұзындыққа секіруде  Мейіржан Мақшат 5,55 м нәтижесін көрсетіп қола жүлдені иеленді. Айта кетсек, пара жеңіл атлетикадан әлемдік Гран-При сериясы 13-ші ақпанға дейін жалғасады. Жарыста 41 мемлекеттен 360-тан астам спортшы қатысуда. Қазақстан құрамасында  17 спортшы өнер көрсетуде.

Жаңалықпен бөлісу

Пайдалы сілтемелер

Паралимпиада спортының барлық жаңалықтары Сурдлимпиада спортының барлық жаңалықтары IWAS барлық жаңалықтары