Қазақстандық пара жүзуші әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болды

Қазақстандық пара жүзуші әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болды

Португалияның Фуншал қаласында өтіп жатқан пара жүзуден әлем чемпионатында Нұрдәулет Жұмағали  брасс әдісімен жүзуден финалда  100 м қашықтықты 1:04.09 уақытта бағындырып, күміс жүлдеге ие болды. Бұл көрсеткішпен ол Азия рекордын жаңартты. Ал Нұрәлі Советқанов жарыста осы брасс әдісімен жүзуде 1:09.75 уақытты көрсетіп, үздік бестіктін қатарынан көрінді. Сонымен қатар Сиязбек Далиев  50 м шалқалап жүзуден финалда 0:41.81 уақытты көрсетіп, бесінші орыннан көрінді. Ал Андрей Афанасьев 100 м баттерфляйда  01:22.18 уақытымен жетінші орынға табан тіреді. Жарысқа спортшылар басты серіктес «SportQory» қолдауымен қатысты. Айта кетсек, пара жүзуден әлем чемпионаты маусым айының 8-18 аралығында  өтуде. Жарыста 60 мемлекеттен 500-ден астам спортшы қатысып, бақ сынауда.    

Жаңалықпен бөлісу

Пайдалы сілтемелер

Паралимпиада спортының барлық жаңалықтары Сурдлимпиада спортының барлық жаңалықтары IWAS барлық жаңалықтары