Қазақстандық пара жүзуші Азия рекордын орнатты

Қазақстандық пара жүзуші Азия рекордын орнатты

Қазақстандық пара жүзуші, Токио – 2020 Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері   Нұрдаулет Жұмағали  әлем чемпионатында  Азия рекордын орнатты. Ол чемпионаттың жартылай финалында брасс әдісімен жүзуден  100 м қашықтықты 1:04.49 уақытта бағындырды.  Финал бүгін Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша сағат  00.00-де өтеді. Айта кетсек, пара жүзуден әлем чемпионаты маусым айының 8-18 аралығында  Португалияның Фуншал қаласында өтуде. Жарысқа 60 мемлекеттен 500-ден астам спортшы қатыспақ. Әлем чемпионатында ел намысын төрт спортшы қорғайды: Нұрдаулет Жұмағали, Сиязбек Далиев, Андрей Афанасьев және Нұрғали Советканов. Жарысқа спортшылар басты серіктес «SportQory» қолдауымен қатысуда. Спортшыларға сәттілік тілейміз!

Жаңалықпен бөлісу

Пайдалы сілтемелер

Паралимпиада спортының барлық жаңалықтары Сурдлимпиада спортының барлық жаңалықтары IWAS барлық жаңалықтары