Наурыздың 28-і мен сәуірдің 2-і аралығнда Испанияның Кордова қаласында есту қабілеті төмен спортшылар арасында Еуропа чемпионаты өтті. Жарысқа 13 мемлекеттен 50-ге жуық спортшы қатысты. Қазақстандық шахматшылар «Швейцариялық» жүйе бойынша 11 турдан тұратын жекелей блицтен және 10 турдан тұратын командалық рапидтен бақ сынады. Ерлер арасында жарыстың жекелей кездесулерінің нәтижиесі бойынша 1-ші орынды Дмитрий Мочальский жеңіп алды. Өз тақстасында өнер көрсеткен Самажан Кеттебеков екінші орынды иеленсе, Максим Рожков пен Елдос Кузербаев 3-ші орынға табан тіреді. Сондай-ақ, әйелдер командасы сапында Халықаралық дәрежедегі спорт шебері – Әлия Мұратова мен Наталья Горохова да бақ сынады. Алайда, жартылай финалға шыға алмай, қарсыластарына есе жіберді. Жалпы командалық есепте, Қазақстан үздіктер қатарынан 4 –ші орыннан көрінді. 1-ші орынды Украина, 2-ші орынды Испания иеленсе, 3 орынға Польша командасы ие болды. [gallery link="file" columns="4" ids="5535,5534,5533"]