Қазақстандық спортшы дойбыдан Европа чемпионатында күміс жүлдеге ие болды

Қазақстандық спортшы дойбыдан Европа чемпионатында күміс жүлдеге ие болды

Есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында дойбы 100-ден Европа чемпионатында қазақстандық Аманбек Дияров қос күміс медальді еншіледі.  Аманбек U-23  жастар арасындағы сында рапидтен және классикалық ойыннан жүлдегер атанды. Жарыста ол тек ресейлік қарсыласына есе жіберді. Айта кетсек, есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында дойбыдан Европа чемпионаты 19-30 қараша аралығында Анталия қаласында (Түркия) өтті. Жарысқа 8  мемлекеттің спортшылары қатысты.

Жаңалықпен бөлісу

Пайдалы сілтемелер

Паралимпиада спортының барлық жаңалықтары Сурдлимпиада спортының барлық жаңалықтары IWAS барлық жаңалықтары