Қазақстандық спортшы пара дзюдодан әлем чемпионатында финалға шықты

Қазақстандық спортшы пара дзюдодан әлем чемпионатында финалға шықты

8 қараша күні Бакуда (Әзірбайжан) пара дзюдодан әлем чемпионаты басталды.  Жарыста 41 мемлекеттен 270 спортшы сынға түсуде. Қазақстандық пара дзюдошы  48 кг салмақта Ақмарал Науатбек жартылай финалда  Тайпэйлік Ли Кай Линді жеңіп, финалға жолдама алды. Финалда Ақмарал франциялық Ауриерес Мартинетпен кездеседі. Мартинет паралимпиада ойындарының 2 дүркін жүлдегері болып келеді. Айта кетсек, жарыста Қазақстан ұлттық құрамасынан 18 спортшы ел намысын қорғауда.

Жаңалықпен бөлісу

Пайдалы сілтемелер

Паралимпиада спортының барлық жаңалықтары Сурдлимпиада спортының барлық жаңалықтары IWAS барлық жаңалықтары