Қазақстандық спортшылар 5х5 футболынан ( Blind Football) Европа     чемпионатының жүлдегері атанды

Қазақстандық спортшылар 5х5 футболынан ( Blind Football) Европа     чемпионатының жүлдегері атанды

Көру қабілеті  зақымданған спортшылар арасында 5х5 футболдан (Blind Football) өткен  Европа чемпионатында Қазақстан  құрамасы қола жүлдегер атанды. Аталмыш бәсекеде Испания құрамасы  бірінші, ал Румыния командасы екінші орын алды.«Бұл — 5х5 футболынан Еуропа құрлығында жеңіп алған алғашқы жүлдеміз. Жарыс айналмалы жүйе бойынша өтті. Ақтық матчтарда Қазақстан құрамасы Косова (8:0) және Польша құрамасын (2:0) жеңіп, қола медаль иеленді. Жарыстың нәтижесі бойынша Қазақстан құрамасы бірінші дивизионға өтіп, 2026 жылы 5х5 футболынан өтетін бүкіл әлемдік ойындарына жолдамаға ие болды»,- деді Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының 5х5 футболынан команда басшысы Дәулет Болғанбай Айта кетейік, жарыс 1-6 шілде аралығында Краков (Польша) қаласында өтті. Чемпионатқа Қазақстан, Румыния, Косово Испания мен Польша құрамалары сынға түсті.  

Жаңалықпен бөлісу

Пайдалы сілтемелер

Паралимпиада спортының барлық жаңалықтары Сурдлимпиада спортының барлық жаңалықтары IWAS барлық жаңалықтары