Қазақстандық спортшылар пара каратэдан Азия чемпионатында 4 медаль жеңіп алды

Қазақстандық спортшылар пара каратэдан Азия чемпионатында 4 медаль жеңіп алды

21-23 шілде аралығында Малайзияның Малакка қаласында пара каратэдан Азия чемпионаты өтті. Жарысқа 6 мемлекеттен 50 спортшы қатысты. Азия біріншілігінде Қазақстан тарапынан 5 спортшы қатысып, 2 «алтын» және 2 «күміс» медаль жеңіп алды:

  • Жүсіпова Ляззат – 1 орын;
  • Измағамбетова Назгүл – 1 орын;
  • Мұхамеджанов Дидар – 2 орын;
  • Жаннетова Нұржайна – 2 орын.

«Пара каратэдан Азия чемпионаты көру қабілеті, ақыл-ой және тірек-қимыл аппараты зақымданған спортшылар арасында өтті. Пара каратэдан жарыста спортшылар ката орындап, сынға түседі. Ката – ойша көз алдында елестеткен қарсыласпен жекпе-жекке түсетін қозғалыстар тізбегі болып табылады. Осы жарыста жүлде алған спортшылар қазан айында Будапеште өтетін пара каратэдан әлем чемпионатына қатысады», - деді Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының әдіскері  Ахметов Абай.

Жаңалықпен бөлісу

Пайдалы сілтемелер

Паралимпиада спортының барлық жаңалықтары Сурдлимпиада спортының барлық жаңалықтары IWAS барлық жаңалықтары