Қазанның 25 мен 30 аралығында Италияның Бергамо қаласында пара-каратэден әлем чемпионаты өтті. Жарыста 16 мемлекеттің спортшылары бақ сынады. Ел намысын Ляззат Жусупова мен Дидар Мухамеджанов қорғады. Спортшылар «Ката» дисципилинасында лайықты өнер көрсетіп, жарыста жеңіске жетті. 1 орын - Ляззат Жусупова (көру қабілеті зақымданған спортшылар санаты); 1 орын – Дидар Мухамеджанов (тірек-қимыл аппараты зақымданған спортшылар санаты).