Ташкент қаласында 16-20 желтоқсан аралығында пара каратэден Азия чемпионаты өтті. Жарысқа Қазақстан, Иран, Үндістан, БАӘ және Өзбекстан елдерінен 17 спортшы өнер көрсетті. Қазақстандық 3 спортшы «ката» дисциплинасында үздік өнер көрсетіп, 2 «алтын» 1 «күміс» медальді жеңіп алды. 1 орын - Ляззат Жүсіпова; 1 орын – Даяна Сапарбаева; 2 орын – Дидар Мухамеджанов. Айта кетсек, қазан айында Италияның Бергамо қаласында өткен пара каратэден әлем чемпионатында Ләззат Жусупова мен Дидар Мухамеджан әлем чемпионатының жеңімпаздары атанған болатын.
