Қазақстандық спортшылар пара оқ атудан әлем Кубогында өнер көрсетуде

Қазақстандық спортшылар пара оқ атудан әлем Кубогында өнер көрсетуде

Германияның Мюнхен қаласында 14-19 шілде аралығында пара оқ атудан әлем Кубогі өтуде. Жарысқа 34 мемлекеттен 200-ге жуық спортшы қатысып жатыр. Қазақстан құрамында 4 спортшы өнер көрсетуде: 1. Айсулу Джумабаева (P2, R5, R4, R11); 2. Бигайша Махаева (P2,P6); 3. Александр Пасхалиди (P1,P3,P6); 4. Айдос Жылкышинов (R4, R5, R11). «Мюнхен қаласында пара оқ атудан әлемнің үздік спортшылары бас қосып, өнер көрсетіп жатыр. Бұл жарыс біздің спортшылар үшін өте маңызды. Себебі бұл Париж-2024 Паралимпиада ойындарының алдындағы ірі рейтингтік жарыс болып келеді. Бүгін турнирдің алғашқы күнінде спортшылар тартысты өнер көрсетуде. Айтулы додада спортшыларымыз ел намысын қорғап, жүлделі орынға ие болады деген ойдамыз», -деді Дене мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының команда басшысы Сұлтанбек Қаби.

Жаңалықпен бөлісу

Пайдалы сілтемелер

Паралимпиада спортының барлық жаңалықтары Сурдлимпиада спортының барлық жаңалықтары IWAS барлық жаңалықтары