Қазақстандық спортшылар пара пауэрлифтингтен Әлем кубогында 13 медаль жеңіп алды

Қазақстандық спортшылар пара пауэрлифтингтен Әлем кубогында 13 медаль жеңіп алды

2024 жылдың 8-11 мамыр аралығында Паттайяда (Таиланд) пара пауэрлифтингтен Әлем кубогы өтті. Айта кетсек, бұл Париж-2024 Паралимпиада ойындарына қатысу үшін  маңызды лицензиялық  және рейтингтік жарыстардың бірі.  Бәйгеге әлемнің 33 елінен 157 спортшы қатысты. Қазақстандықтар төрт алтын, бір күміс және сегіз қола медаль еншіледі. Әйгерім Айдарқызы -45 кг салмақ дәрежесінде жастар арасында үздік есепте (77 кг)  және  үш тәсілінің қосындысы бойынша 225 кг бағындырып,  екі алтын медальға  ие болды. Сондай-ақ,  ересектер арасында үш тәсілдің ұпай сандарының қосындысына сәйкес  (225 кг) қола медаль ұтып алды. Раушан Қойшыбаева  -73 кг салмақта үздік есепте (116 кг) және үш тәсілдің қосындысы бойынша (337 кг) екі алтын медаль женіп алды. Давид Дегтярев -54 кг салмақта  үздік есепте (171 кг) қола медальмен марапатталды. Сондай-ақ, қола медаль иегерлері: Гулим Құрманбаева -45 кг салмақта үздік есепте (89 кг); Ғани Исентемиров +107 кг салмақта  үш тәсілдің сомасы бойынша (588 кг); Тұрсынай Кабыл -41 кг салмақта  үздік есепте (94 кг); Станислав Шакиев -59 кг салмақта үздік есепте   (173 кг)  және үш тәсілдің сомасы бойынша (344 кг). Рахметжан Хамаев -88 кг салмақта  жақсы нәтиже көрсетіп, үздік есепте (201 кг) күміс медаль және  үш тәсілдің қосындысы  бойынша (398 кг)  қола медаль еншіледі.

Жаңалықпен бөлісу

Пайдалы сілтемелер

Паралимпиада спортының барлық жаңалықтары Сурдлимпиада спортының барлық жаңалықтары IWAS барлық жаңалықтары