Тбилиси қаласында пара пауэрлифтингтен әлем Кубогы мәресіне жетті. Жарысқа 20 мемлекеттен 94 спортшы қатысты. Қазақстан құрамсы жарыста 32 медаль еншіледі: 11 «алтын», 12 «күміс» және 9 «қола». Атап айтқанда:
- Айдарқызы Әйгерім – 41 келіге дейінгі салмақта жасөспірімдер арасында 1 орын және үш тәсілдің қосынды сомасының нәтижелері бойынша жасөспірімдер арасында 1 орынды еншіледі. Ал ересектер арасында 2 орын және үш тәсілдің қосындысы 2 орынды иеленді.
- Солодухина Алина - 45 келіге дейінгі салмақта ересектер арасында 2-ші орынды және әйелдер командалық жарысында 3-ші орынды иеленді.
- Толжан Фариза – 55 келіге дейінгі салмақта ересектер арасында 3-орын, үш тәсілдің сомасы бойынша 2-орын алды.
- Беримкулова Айжан - 50 келіге дейінгі салмақта ересектер арасында 2-орынды және үш тәсіл сомасы бойынша арасында 1-орынды, аралас командалық жарыста 3-орынды иеленді.
- Құрманбаева Гүлім - 45 келіге дейінгі салмақта командалық жарысында 3 орын алды.
- Қойшыбаева Раушан – 67 келіге дейінгі салмақта ересектер арасында 2-орынды, ардагерлер арасында 1-орынды және үш тәсіл сомасы бойынша 1-орынды иеленді. Ал әйелдер командалық жарысында 3 орын алды.
- Маханбетова Мөлдір - 79 келіге дейінгі салмақта ересектер арасында 3-орынды және үш тәсілдің сомасының нәтижелері бойынша 3-орынды иеленді.
- Карибай Ерболат - 49 келіге дейінгі салмақта үш тәсіл сомасының нәтижелері бойынша ересектер арасында 3-орынға және аралас командалық жарыста 3-орынға ие болды.
- Баққожа Жақсылық - 80 келіге дейінгі салмақта үш тәсілдің қорытындысы бойынша ересектер арасында 3-орынға және аралас командалық жарыста 3-орынға ие болды.
- Хамаев Рахметжан - 88 келіге дейінгі салмақта ересектер арасында 1-орынды және үш тәсіл сомасы бойынша 1-орынды иеленді.
- Баутов Әділжан - 97 келіге дейінгі салмақта ересектер арасында 2-орын және үш тәсіл сомасы бойынша 1-орын алды.
- Бойко Снежанна - 45 келіге дейінгі салмақта жасөспірімдер арасында 1 орын және үш тәсіл сомасының нәтижелері 1 орынды жеңіп алса, ересектер арасында үш тәсіл сомасының нәтижелері бойынша 2 орынға ие болды.
- Әшір Зарина - 50 келіге дейінгі салмақта жасөспірімдер арасында 2-ші орынды және үш тәсіл сомасының нәтижелері бойынша 1-орынды жеңіп алса, ересектер арасында үш тәсіл сомасының нәтижелері бойынша 2 орынға ие болды.
