Талас (Қырғызтан) қаласында 4-13 желтоқсан аралығында дене мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында тоғызқұмалақтан халықаралық турнир өтті. Жарысқа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Моңғолия елдерінен 100-ге жуық спортшы қатысты. Қазақстандық спортшылар 3 алтын және 1 күміс медальді еншіледі. 1 орын – Бекзат Таласбаев (ересектер); 1 орын – Ахметкарим Болмагамбетов (жастар) 1 орын – Нурлана Сабай (жастар) 2 орын – Жанна Ахмет (Ересектер).
