Қазақстандық спортшылар жеңіл атлетикадан Азия-Тынық мұхиты аймағының чемпионатында жеңіске жетті

Қазақстандық спортшылар жеңіл атлетикадан Азия-Тынық мұхиты аймағының чемпионатында жеңіске жетті

Тегеранда 23-27 қараша аралығында есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында жеңіл атлетикадан Азия-Тынық мұхиты аймағының чемпионаты өтті. Жарысқа 8 мемлекеттен 100-ден астам спортшы қатысты.   Қазақстандық атлеттер жарыста 10 «алтын», 9 «күміс» және 5 «қола» медаль еншіледі.   Ерлер арасында: 1 орын - Кульдеев Нурсултан (найза, онсайыс, сырықпен секіру); 2 орын - Беккер Владимир (ұзындыққа секіру және 110 м кедергі); 2 орын - Бейсебай Рауан (онсайыс); 2 орын - Шадрин Антон (сырықпен секіру); 2 орын - Щелоков Даниил (400 м); 3 орын - Бейсебай Рауан (сырықпен секіру, 110 м кедергі).   Әйелдер арасында: 1 орын - Соловьева Анастасия (эстафета 4х100м және эстафета 4х400м); 1 орын – Колосова София (эстафета 4х100м, эстафета 4х400м және жеті сайыс); 1 орын - Мейрманова Фаина (биіктікке секіру, 200 м, эстафета 4х100 және эстафета 4х400 м); 1 орын - Сибярикова Яна (үш қарғып секіру, эстафета 4х100м және эстафета 4х400м); 2 орын - Соловьева Анастасия (5000 м және 10 000 м жүгіру); 2 орын - Колосова София (биіктікке секіру); 2 орын - Сибярикова Яна (найза лақтыру, ұзындыққа секіру); 3 орын - Соловьева Анастасия (ядроны итеру); 3 орын - Колосова София (200 м жүгіру); 3 орын - Мейрманова Фаина (диск лақтыру).

Жаңалықпен бөлісу

Пайдалы сілтемелер

Паралимпиада спортының барлық жаңалықтары Сурдлимпиада спортының барлық жаңалықтары IWAS барлық жаңалықтары