Қазақстандық сурдо-дзюдошылар әлем чемпионатында үздіктер қатарынан көрінуде

Қазақстандық сурдо-дзюдошылар әлем чемпионатында үздіктер қатарынан көрінуде

Осы күндері Францияның Версаль қаласында есту қабілеті төмен спортшылар арасында дзюдодан Әлем Чемпионаты өтуде. Жарысқа әлемнің 26 елінен 150-ден астам спортшы қатысуда. Аға жаттықтырушылар Болат Данияров пен Самат Апаковтың жетекшілігімен Қазақстан атынан  14 дзюдошы бақ сынамақ. Қазақстандық балуандар жарыстың алғашқы күндері жүлделі орындарға ие болды. Дзюдошы Әлдібек Нұрмұхаммед 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола жүлдеге ие болды. 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Шаяхмет Қанапиянов 3 орынды иеленді. Бағдарламаға сәйкес, 29 қазан, жұма күні келесі салмақ дәрежесінде жекпе-жектер өтеді: Әйелдер: -63 кг, -70 кг, -78 кг, +78 кг. Ерлер: -81 кг, -90 кг, -100 кг, +100 кг. Ал, сенбі күні 30 қазанда "Ката" бағдарламасы бойынша жарыстар өтеді. Айта кетсек, 28 қазанда басталған Чемпионат, қазанның 30 күні аяқталады. Әлем чемпионатының онлайн тікелей эфирін келесі сілтемелер бойынша тамашалауға болады: 1 күн: https://youtu.be/xQFFfEN2-mU 2 күн: https://youtu.be/224eMv753JI 3 күн: https://youtu.be/edhYoijKEq8 4 күн: https://youtu.be/84quCJIKg2sДене мүмкіндіктері шектеулі сорттық даярлау орталығының баспасөз-қызметі  [gallery size="medium" ids="5182,5181"]

Жаңалықпен бөлісу

Пайдалы сілтемелер

Паралимпиада спортының барлық жаңалықтары Сурдлимпиада спортының барлық жаңалықтары IWAS барлық жаңалықтары