Бішкекте есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында таеквондодан әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Қазақстандық спортшылар жарыста 2 «алтын», 4 «күміс» және 8 «қола» медаль еншіледі. Ерлер арасында: 1 орын – Диас Рысбеков (54 кг); 2 орын – Аян Абдраш (58 кг); 2 орын – Ансар Орлов (63 кг); 2 орын – Руслан Ахметов (+80 кг); 3 орын – Мәди Сейсенбаев (58 кг); 3 орын – Константин Небельцов (63 кг); 3 орын – Нурдаулет Жакып (68 кг); 3 орын – Арлан Жантемир (74 кг); 3 орын – Айбар Қайратұлы (74 кг); 3 орын – Виктор Фрундин (+87 кг); 5 орын – Олжас Рысжанов (Пхумсе); 5 орын – Азамат Сансызбаев (57 кг); 5 орын – Тимур Кулесов (80 кг); 5 орын – Мадияр Карсакбаев (+87 кг). Ерлер құрамасы командалық есепте 3 орын алды. Бірінші орын Оңтүстік Корея командасы жеңіп алса, екінші орынды Өзбекстан командасы еншіледі. Әйелдер арасында: 1 орын – Айжамол Абдикатова (57 кг); 2 орын – Әсем Баймахан (62 кг); 3 орын – Зурлана Неупакоева (53 кг); 3 орын – Аяулым Женисбекова (53 кг); 5 орын – Виктория Протопопова (49 кг); 5 орын – Аделя Затаева (57 кг); 5 орын – Аида Макатова (67 кг); 5 орын – Молдир Мукашева (67 кг). Айта кетсек, әлем чемпионаты 25-30 наурыз аралығында өтті. Жарысқа 20 мемлекеттен 195 спортшы қатысты. Қазақстан құрамасында 22 спортшы өнер көрсетті. 