6-8 қараша аралығында Ташкент қаласында (Өзбекстан) есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында таеквондодан халықаралық турнир өтті. Жарыста Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан спортшылары бақ сынады. Ел намысын 6 спортшы қорғады. Қазақстан командасы 1 «алтын», 1 «күміс» және 4 «қола» медальді еншіледі. Ерлер арасында: 1 орын – Жақып Нұрдәулет (68 кг); 2 орын – Максим Бездольный (58 кг); 3 орын – Руслан Ахметов (80 кг). Әйелдер арасында: 3 орын – Виктория Протопопова (49 кг), Сания Досымханова (67 кг), Аида Макатова (68 кг).
