2022 жылдың 24-27 мамыр аралығында Шарджа қаласында (БАӘ) пара таеквондодан Пара Азия ойындарына іріктеу турнирі өтті. Жарысқа Қазақстан, Өзбекстан, Лаос, Филипин, Тайланд, Жапония, Бахрейн, Ирак, Иран, Индия, Непал және Монғолия мемлекеттерінен келген 70-ке жуық спортшы қатысты. Турнирде ел намысын 7 спортшы қорғап, жүлделі орындарға ие болды: 1 орын - Алишер Гариполлаев (+ 80 кг); 2 орын - Жанболат Қазиев (- 80 кг); 2 орын - Милана Красавцева (-47 кг); 3 орын - Бауыржан Кушербаев (-63 кг); 3 орын - Нұрбек Жұмақан (-70 кг). Оның ішінде А. Гариполлаев, Ж. Казиев және М. Красавцева Пара Азия ойындарына жолдама алды. Айта кетсек, аталмыш ойындар төрт жылда бір рет өтетін дүбірлі дода болып келеді. Кезекті жазғы IV-ші Пара Азия ойындары Қытай Халық Республикасының Ханчжоу қаласында өтуі жоспарланған. Жарысқа спортшылар басты серіктес «SportQory» қолдауымен қатысты.
