Қазақстандық жеңіл атлетшілер көпсайыстан халықаралық турнирден жеңіспен оралды

Қазақстандық жеңіл атлетшілер көпсайыстан халықаралық турнирден жеңіспен оралды

Қырғызстан астанасы Бішкекте 24-28 қазан аралығында есту қабілеті төмен спортшылар арасында көпсайыстан халықаралық турнир өтті. Аға жаттықтырушылар Максим Рожков пен Елена Пономареваның жетекшілігімен Қазақстан құрамасын 4 спортшы таныстырды: Рүстем Абаканов, Рауан Бейсебай, Андрей Набоков және Ғани Тұрғанбеков. Рауан Бейсебай 100 метрге жүгіруден, ұзындыққа секіруден және көпсайыстан 3 алтын медальды жеңіп алды. Сондай-ақ, Андрей Набоков ядроны лақтыру бойынша, қашықтығы 12 м 35 см нәтижесін көрсетіп, алтын медальді жеңіп алды. Рүстем Абақанов ұзындыққа секіруден 1 күміс, 100 метрге жүгіруден және көпсайыстан 2 қола медальға ие болды. Сондай-ақ Рауан Бейсебай 1500 метрге жүгіруден және ядроны итеруден 2 күміс медалін жеңіп алды. Қорытынды медаль есебі бойынша  Қазақстанда - 4 алтын, 3 күміс және 2 қола медаль. Айта кетейік, аталмыш турнир жыл сайын өткізіліп тұрады, оның ұйымдастырушысы "Қырғыз Республикасының есту қабілеті төмен тұғаларға арналған спорттық қозғалысы" болып табылады.   [gallery columns="6" link="file" size="medium" ids="5194,5193,5192,5191,5190,5189"]

Жаңалықпен бөлісу

Пайдалы сілтемелер

Паралимпиада спортының барлық жаңалықтары Сурдлимпиада спортының барлық жаңалықтары IWAS барлық жаңалықтары