Қостанайда футзалдан ел біріншілігі  өз мәресіне жетті

Қостанайда футзалдан ел біріншілігі өз мәресіне жетті

Қостанайда 21 жасқа дейінгі есту қабілеті зақымдалған спортшылар арасында футзалдан Қазақстан чемпионаты аяқталды. Ел біріншілігіне Астана, Алматы, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Петропавл, Түркістан, Шымкент қалалары мен Жетісу облысының сурдоспортшылары қатысты.Жарыс нәтижесі бойынша Шымкент қаласының құрамасы жеңімпаз атанды. Екінші орынды Қостанай облысы, үшінші орынды Астана құрамасы алды.Бұл чемпионат 2026 жылы Бразилияда өтетін әлем чемпионатына дайындық кезеңдерінің бірі болып табылады. Айта кетейік, жарыс 1-6 қаңтар аралығында өтті.

Жаңалықпен бөлісу

Пайдалы сілтемелер

Паралимпиада спортының барлық жаңалықтары Сурдлимпиада спортының барлық жаңалықтары IWAS барлық жаңалықтары