Құрметті әріптестер!

Құрметті әріптестер!

Сіздерді шын жүректен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаймын! Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 4-маусымдағы № 337 Жарлығына сәйкес 4-маусымда Қазақстанда Мемлекеттік рәміздер күні тойланады. Мемлекеттік рәміздер бізді Отан тағдырының ең маңызды сәттерінде, ұлттық мерекелерден бастап спорттық жеңістерге дейін біріктіреді. Ресми халықаралық іс-шараларда Отанымыздың Әнұраны естілген кезде немесе аспандай көгілдір Туымыз биікке көтерілгенде әрбір қазақстандық азамат мақтаныш пен отаншылдықты сезінеді. Оларға құрмет көрсету - әрбір азаматтың қасиетті парызы және борышы, елдің тарихына, мемлекеттік тіліне, мәдениеті мен салт-дәстүріне деген терең құрметтің қайнар көзі. Осы мерекеде сіздерге амандық, бақыт, бейбітшілік тілеймін! Отанымыз- Қазақстан гүлдене берсін, Тәуелсіздік туы биік болсын! «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың спорттық даярлау орталығы» РМҚК директоры Марат Дайырұлы Қасқырбаев. [gallery link="file" columns="2" size="large" ids="4651,4650"]

Жаңалықпен бөлісу

Пайдалы сілтемелер

Паралимпиада спортының барлық жаңалықтары Сурдлимпиада спортының барлық жаңалықтары IWAS барлық жаңалықтары