Спорт  күніне  арналған  турнир  19 тамызда  Астана  қаласында  өтті.

Спорт күніне арналған турнир 19 тамызда Астана қаласында өтті.

Жеңімпаздар Кубоктарға ие болып, дипломдармен марапатталды.

«Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК волейболдан, үстел теннисінен және шахматтан өткен турнирге белсене қатысты. Орталық атынан қатысқандар волейболдан 3-ші орынға, үстел теннисінен 3-ші орынға ие болды.

Әр жылы 19 тамызда Астана қаласында Спорт күніне орай Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің ведомстволық бағынысты ұйымдары арасында мини-футболдан, волейболдан, үстел теннисінен және шахматтан турнир өтеді. Турнирдің мақсаты – қазақстандықтардың салауатты өмір сүру салтын дәріптеу және қолдау, қазақстандықтарды дене шынықтырумен және спортпен жаппай айналысуға тарту болып табылады. Іс-шараға спорттың әртүрлі түрлері бойынша 12 команда, 205 қатысушы қатысты. Турнир барысында командалар жеңіске дайындығын, ұйымшылдығын, жеңіске деген қызығушылығын көрсетті. Сондай-ақ барлық командалар спорттық бәсекелестік, бірлік және ынтымақтастық рухын көрсете білді.

Жаңалықпен бөлісу

Пайдалы сілтемелер

Паралимпиада спортының барлық жаңалықтары Сурдлимпиада спортының барлық жаңалықтары IWAS барлық жаңалықтары