Сурдлимпиада – 2022. Қазақстандық жеңіл атлеттер жеңіс тұғырынан көрінді

Сурдлимпиада – 2022. Қазақстандық жеңіл атлеттер жеңіс тұғырынан көрінді

Бразилияның Кашиас-ду-Сул қаласында өтіп жатқан XXIV жазғы Сурдлимпиада ойындарында қазақстандық жеңіл атлеттер 3 қола медальге ие болды. Жазғы ойындардың тоғызыншы жарыс күнінде балға лақтырудан сынға түскен қазақстандық Ольга Хижнякова 29,89 м  нәтижиесімен қола жүлдені жеңіп алды. Сурдлимпиада  ойындарында бұл Ольганың екінші медалі. Бұдан бұрын ол ядроны лақтырудан күміс жүлдегер болған. Сол күні, сырықпен секіруден  өнер көрсеткен қазақстандық Рауан Бейсебай 3,30 м нәтижесімен қола жүлдеге ие болды. Ал, 110 метр қашықтыққа кедергілермен жүгіру жарысында отандасмыз Фархат Қыстаубаев 15,8 секунт нәтииесімен  үздік  үштіктен көрінді. Сондай-ақ, әйелдер арасында ұзындыққа секіруден сынға түскен Фаина Меирманова, үздік бестіктен көрінді. Ұлттық құраманың  басты серіктесі - «SportQory.

Жаңалықпен бөлісу

Пайдалы сілтемелер

Паралимпиада спортының барлық жаңалықтары Сурдлимпиада спортының барлық жаңалықтары IWAS барлық жаңалықтары