Сурдлимпиада 2025: алтыншы жарыс күннің қортындысы

Сурдлимпиада 2025: алтыншы жарыс күннің қортындысы

Бүгін XXV-шы жазғы Сурдлимпиада ойындарының алтыншы жарыс күнінде ұлттық құрама спортшылары грек-рим күресі, жеңіл атлеткиа, үстел теннисі және жүзуден сынға түсті. Грек-рим күресінде 130 кг салмақта отандасымыз Хайратхаан Шонку алғашқы белдесуінде украиндық палуан Сергей Драханды 11:2, ширек финалда грекиялық Александр Парадотосты 5:2, жартылай финалда жапондық палуан Кен Согабені  3:2  есебімен жеңіп, финалға шықты. 67 кг салмақта Андрей Самарин алғашқы белдесуде қырғыз палуаны Дінмұхамед Бигелдиевті 5:2, 1/4 финалда  болгариялық Дилиан Димитровты 8:0 және жартылай финалда  армениялық Жора Грегориянды 8:0 есебімен жеңіп, келесі күні финалда алтын медальға таласады. 97 кг салмақта Рамазан Әбдрасіл алғашқы белдесуінде АҚШ палуаны Энрике Рамиресті 8:0,  ширек финалда болгариялық Атанас Ивановты 5:0 есебімен басым түссе,  1/2 финалда украиндық  Андрей Косовқа 8:12 есебімен есе жіберді. Рамазан келесі күні қола жүлде үшін таласта жұбаныш белдесулерінде сынға түседі. Жарыста Ердаулет Жолдыхан (60 кг), Абзал Досжанов (77 кг) және Рамазан Әзи (87 кг) ширек финалдағы белдесулерде қарсыластарына есе жіберді. Алайда 60 кг салмақта Ердаулет Жолдыхан қарсыластарының нәтижесіне сәйкес келесі күні жұбаныш белдесуде қола медальға таласқа түсетін болады. Жеңіл атлетикада София Колосова жетісайыстан  5 дисциплинада өнер көрсетті. Ертең 2 дисциплинада жетісайыстан жарысын жалғастырады. Рауан Бейсебай (400м), Ерлан Сүйеуалиев (800м), Дана Медведева (200м), Юрий Сафронов (200м), Даниил Щелоков (200м) және найза лақтырудан Яна Сибирякова  іріктеу кезеңнен өте алмады. Қуаныш Қырықбай (200м) іріктеуден сәтті өтіп, ертең жартылай финалда өнер көрсетеді. Қуаныш Темірбаев  5000м қашықтықтағы бәсекеде  мәреге 8-ші болып жетсе, ұзындыққа секіруден Фаина Мейрманова 5м 13см нәтижесімен финалға жолдама алды. Финалдық сайыс 24 қарашада өтеді. Үстел теннисінен жекелей сында плей-офф кезеңінде  Яна Михеева мен   Бижан Тулебаев жарыс күніндегі алғашқы қарсыластарына есе жіберді. Қанат Конкубаев жарыс күнін сәтті бастап, өзбекстандық спортшыны 4:1 ұтса, келесі қарсыласы Тайбей елінің спортшысына 1:4 есебімен жеңілді. Ал Данияр Искендиров қатарынан екі қарысыласын сенімді түрде жеңсе, үшінші айналымда филиппиндық спортшыдан 0:4 есебімен ұтылды. Спортшылар 23-қаршада топтық разярдтағы сайыстарда бақ сынайтын болады. Жүзуден еркін стильдегі дисциплиналарда  сынға түскен Мария Сотникова (100м), Давид Петлеван (200м), Софья Закутняя  (1500м), брасс әдісімен жүзуден Даниил Барановскй (200м) және шалқалап жүзуде Диас Кенжебек (200м) іріктеу кезеңнен өтпеді. Ал 4х200 м еркін стильмен жүзудегі эстафетада бақ сынаған Лиана Рогачева, Галия Кабулда, Мария Сотникова және София Закутняя іріктеу кезеңнен сәтті өтіп, финалдық бәсекеде 5-ші орын алды.

Жаңалықпен бөлісу

Пайдалы сілтемелер

Паралимпиада спортының барлық жаңалықтары Сурдлимпиада спортының барлық жаңалықтары IWAS барлық жаңалықтары