Сурдлимпиада 2025: төртінші жарыс күнінің қортындысы

Сурдлимпиада 2025: төртінші жарыс күнінің қортындысы

Бүгін ұлттық құрама спортшылары жеңіл атлетика, үстел теннисі және бадминтоннан жарыстарда сынға түсті. Жеңіл атлетикадан 110 м кедергілермен жүгіруде Рауан Бейсебай (16.66 с), Роман Иманкулов (22.88 с)  және Владимир Беккер (18.74 с) іріктеу кезеңінен өте алмады. Әйелдер арасында ядроны серпуден Елена Путинцева финалда 10м 74см көрсеткішімен 11-ші орынға, ерлер арасында  Кирилл Житников 12м 79 см нәтижесімен 9-шы орынға тұрақтады. Үстел теннисінде жұптық разрядта спортшыларымыз Елена Мазуренко мен Кулжамила Адилова  Қытай елінің командасына 0:4 есеппен есе жіберді. Екінші жұп Яна Михеева мен Лаура Табажанова қарсыластары Кувейт командасын техникалық жеңіспен ұтып, келесі кезеңде Оңтүстік Корея командасына 0:4 есебімен жеңілді. Ерлер арасында жұптық разрядта Қанат Конкубаев пен Данияр Искендиров Куба елінің спортшыларын 4:0 есебімен жеңсе, келесі қарсыластары Қытай елінің командасына 0:4 есебімен жеңілді. Сонымен қатар Литва командасымен ойнаған Абылай Бүркітбай мен Бижан Тулебаев  қарсыластарынан 4:3 есебімен жеңілді. Спортшылар ертеңгі жарыс  күнінде жекелей разрядта бақ сынайтын болады. Бадминтонда ерлер арасында жұптық сында спортшыларымыз Виктор Волков пен Дидар Есбергенов  Ирландия командасын 21-16, 21-14 есебімен жеңді. Келесі кезеңде Үндістан командасына 8-21, 7-21 есебімен жеңілді. Әйелдер арасында Аида Айдарқызы мен Аяжан Жұмабек  Жапондық қарсыластарынан  21-4, 21-4 есебімен ұтылып, жұптық сындағы жарысты аяқтады. Ертең 20-шы қарашада ұлттық құрама жүзуден алғашқы жарыстарын бастайды. Ал  үстел теннисінен, бадминтоннан және жеңіл атлетикадан спортшыларымыз  жарыстарды әрімен жалғастырады. Айта кетсек,  XXV-ші Сурдлимпиада ойындары басталғалы Қазақстан 13 медаль жеңіп алды: 6 алтын, 2 күміс және 5 қола. Еліміз 8 спорт түрінен бақ сынауда. Жарыстар 26-шы қарашаға дейін жалғасатын болады.

Жаңалықпен бөлісу

Пайдалы сілтемелер

Паралимпиада спортының барлық жаңалықтары Сурдлимпиада спортының барлық жаңалықтары IWAS барлық жаңалықтары