Бүгін, 21 қаңтар күні, Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығында сурдлимпиадалық спорт түрлері бойынша аға және бас жаттықтырушылардың қатысуымен 2025 жылдың қорытындысына арналған жиналыс өтті.
Жиын барысында 2025 жылғы спорттық маусымның нәтижелері жан-жақты талқыланып, сурдлимпиадалық спорт түрлері бойынша қол жеткізілген жетістіктер мен жетілдіруді қажет ететін бағыттарға тоқталды. Жаттықтырушылар өткен жылғы жарыстарға дайындық барысын саралап, алдағы жұмыс бағыттарын нақтылады. Сонымен қатар, 2026 жылға арналған жоспарлар, оның ішінде республикалық және халықаралық жарыстарға дайындық мәселелері қарастырылды. Алдағы маусымда спортшылардың спорттық шеберлігін арттыру, оқу-жаттығу жиындарының сапасын жақсарту және жарыс алдындағы дайындықты күшейту қажеттігі айтылды.
Жиналыс барысында жаттықтырушылар өзекті мәселелерді көтеріп, оларды шешу жолдары бойынша ұсыныстарын білдірді.Жиын қорытындысы бойынша 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын нақтылау және сурдлимпиадалық спорт түрлерінің дамуын одан әрі жүйелі түрде жалғастыру жөнінде бірқатар тапсырмалар берілді