Бүгін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрілігінің бағынысты ұйымдары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы онлайн семинар өтті. Іс-шараның басты мақсаты – Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде жобалық басқарудың 4-блогы «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағыты бойынша мәселелерді зерделеу. Онлайн-семинарға Дене мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының комплаенс офицері Әділхан Өмірзақов қатысты. Кездесу барысында мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шарлардың тиімділігі, міндеттері және комплаенс қызметін сапалы жүргізу мәселелері талқыланды. Семинар соңында спикерлер қатысушылардың сауалдарына мардымды жауап беріп, алдағы уақыттада туындаған сұрақтар бойынша кездесулер өткізіліп тұратындығын жеткізді.