Түркістанда сурдо спортшылар арасында еркін және грек-рим күресінен ел біріншілігі өз мәресіне жетті

Түркістанда сурдо спортшылар арасында еркін және грек-рим күресінен ел біріншілігі өз мәресіне жетті

Түркістанда 15-20 сәуір аралығында есту қабілеті зақымданған жастар арасында еркін және грек-рим күресінен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Жарысқа еліміздің 10 өңірінен 160-қа жуық спортшы қатысты. Чемпионаттың қортындысы бойынша грек-рим күресінен командалық есепте  келесідей жүлдегер анықталды: U17 жасөспірімдер арасында: 1 орын - Алматы қаласы; 2 орын - Шымкент қаласы; 3 орын - Түркістан облысы. U20 жастар арасында: 1 орын – Шымкент қаласы; 2 орын - Жетісу облысы; 3 орын - Алматы қаласы. U23 жастар арасында: 1 орын - Шымкент қаласы; 2 орын – Жетісу облысы; 3 орын - Алматы облысы. Еркін күрестен командалық есепте келесідей жүлдегер командалар анықталды: U17 жастағы жасөспірімдер арасында: 1 орын - Жетісу облысы; 2 орын - Шымкент қаласы 3 орын – Алматы қаласы. U20 жастар арасында: 1 орын - Алматы қаласы; 2 орын - Ақтөбе облысы; 3 орын - Қостанай облысы. U23 жастар арасында: 1 орын - Жетісу облысы 2 орын - Қостанай облысы 3 орын - Жамбыл облысы. Еске сала кетсек, 2023 жылы Бішкекте сурдалимпиадалық еркін күресінен әлем чемпионатында жас палуандарымыз 1 «алтын», 4 «күміс» және 2 «қола» медальға ие болып, командалық есепте 1-ші орынды еншіледі. Ал  жасөспірімдер арасында спортшыларымыз әлем чемпионатында 4 «алтын» және 2 «күміс» медаль жеңіп, командалық есепте 1-ші орынға ие болды. Грек-рим күресінен  жастар арасында ел спортшылары 2 «алтын», 2 «күміс» және 2 «қола» медальді еншілеп, командалық есепте 1 орынды иеленген болатын.

Жаңалықпен бөлісу

Пайдалы сілтемелер

Паралимпиада спортының барлық жаңалықтары Сурдлимпиада спортының барлық жаңалықтары IWAS барлық жаңалықтары