Велоспорттан Азия чемпионатында Қазақстан екі алтын бір күміс жеңіп алды

Велоспорттан Азия чемпионатында Қазақстан екі алтын бір күміс жеңіп алды

Велоспорттан Азия чемпионатында көру қабілеті зақымдалған спортшылар арасында жеке есепте Кирилл Илюкевич (стокер) пен Антон Лаврентьев (пилот) 20,56 км қашықтықты 26:58.095 аралығында игеріп, мәре сызығын бірінші болып кесті. Дәл осы қашықтықты Жұлдыз Кайнарова (стокер) мен Полина Братчикова (пилот) 30:17.820 аралығында өтіп, жеңімпаз атанды. Осы дисциплинада ерлер арасында үндістандық Нур Фенди (стокер) мен Муфти Фадила (пилот) (28:20.552) екінші, ал тайландтық Сурачай Йокпанитчакит (стокер) пен Сурачай Хачатурат (пилот) (29:23.475) үшінші орын алды.Әйелдер арасында тайландтық Ватчаробон Бунмалерт (стокер) пен Каньярат Кестхонгланг (пилот) (32:45.269) күміс медальді иеленді, ал қытайлық Тан Чэн Цзуй (стокер) мен Тан Хуэй Чжэнь Сара (пилот) алтын медальді жеңіп алды. Сондай-ақ, осы дисциплинада тірек-қимыл аппараты зақымдалған спортшылар арасында Павел Бабенко 30:59.747 уақыт нәтижесімен екінші орынға ие болды. Бірінші орынды үндістандық Нур Фенди (30:36.840), ал үшінші орынды филиппиндық Михаил Байани (32:37.879) иеленді. Айта кетейік, пара велоспорттан Азия чемпионаты 2-10 ақпан аралығында Пхитсанулок қаласында (Таиланд) өтуде. Алдағы уақытта пара спортшылар топтық жарыстан сынға түседі.

Жаңалықпен бөлісу

Пайдалы сілтемелер

Паралимпиада спортының барлық жаңалықтары Сурдлимпиада спортының барлық жаңалықтары IWAS барлық жаңалықтары