Венгрияда пара пауэрлифтингтен Әлем кубогы аяқталды

Венгрияда пара пауэрлифтингтен Әлем кубогы аяқталды

Қазақстан құрама командасы 2019 жылғы 25-28 сәуір аралығында Эгер қаласында (Венгрия) пара пауэрлифтингтен өткен Әлем кубогына қатысты. Аталған жарысқа 28 елден 118 спортшы қатысты. 28 медаль жиынтығы ойнатылды. Қазақстан атынан өкілдік еткендер 4 спортшы - Буймов Захар, Аханова Анар, Дүйсебаева Роза, Шакиев Станислав, сондай-ақ аға жаттықтырушы Царенко Дмитрий. Буймов Захарды 49 кг салмақ дәрежесінде юниорлар арасында жеңіп алған алтын медальімен құттықтаймыз. Медальдық есеп бойынша жастар арасында Қазақстан командасы 2-орынға қол жеткізді.

Жаңалықпен бөлісу

Пайдалы сілтемелер

Паралимпиада спортының барлық жаңалықтары Сурдлимпиада спортының барлық жаңалықтары IWAS барлық жаңалықтары