Волейболды отырып ойнаудан Қазақстан құрамасы жартылай финалда

Волейболды отырып ойнаудан Қазақстан құрамасы жартылай финалда

6 маусым күні Ханчжоу қаласында тірек-қимыл аппараты зақымдалған спортшылар арасында волейболды отырып ойнаудан Азия чемпионаты басталды. Сары құрлықтың басты додасында 8 ерлер және 7 әйелдер командасы бақ сынап жатыр. Жарыстың алғашқы күні Қазақстан Сауд Арабия  құрамасын 3:0 есебімен жеңді. Келесі күні отандастарымыз Жапония командасын да дәл осындай есеппен тізе бүктірді. Үшінші кездесуде Австралия командасымен   жолыққан Қазақстан құрамасы 3:0 есебімен басым түсіп, жартылай финалға жолдама алды. Ал келесі матч 13 маусым Тайланд құрамасына қарсы өтеді. Команданың басты мақсаты - финалға шығып, чемпиондық атаққа таласу. Айта кетейік, аталмыш жарыс 15 маусымға дейін жалғасады.

Жаңалықпен бөлісу

Пайдалы сілтемелер

Паралимпиада спортының барлық жаңалықтары Сурдлимпиада спортының барлық жаңалықтары IWAS барлық жаңалықтары