Волейболды отырып ойнаудан ұлттық құрама АҚШ-та оқу-жаттығу жиындарын өткізуде

Волейболды отырып ойнаудан ұлттық құрама АҚШ-та оқу-жаттығу жиындарын өткізуде

12-20 маусым аралығында волейболды отырып ойнаудан Қазақстан  ұлттық құрамасының оқу-жаттығу жиыны АҚШ-тың Эдмонд қаласында өтуде. «АҚШ және Қазақстан құрамалары  әлемдік рейтингте үздік 8 команда қатарына кіреді. Оқу-жаттығу жиынында басты міндет Париж Паралимпиадасы алдында ұлттық құраманының дайындығын шыңдау және тәжірибе алмасу. Ол үшін жұмысқа спорттық дәрігерлер, массажистер және волейбол статисттері бар арнайы кешенді-ғылыми топ тартылды. Сонымен қатар АҚШ-тың волейболды отырып ойнаудан департаментінің басшысы Эллиот Блейк және АҚШ ерлер құрамасының бас бапкері Грег Уокермен кездесу өткізіліп, болашақта бірлескен ынтымақтастық және тәжірибе алмасу мәселелері талқыланды», - деді Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға араналған спорттық даярлау орталығының паралимпиадалық спорт түрілері бөлімінің басшысы Батыр Қадырбайұлы. Еске сала кетсек, Париж-2024 Паралимпиада ойындарында  әлемнің тек 8 командасы бақ сынайды.   Қазақстан құрамасы 2023 жылы Астанада өткен Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанып, Паралимпиада ойындарына лицензияны жеңіп алған болатын.  

Жаңалықпен бөлісу

Пайдалы сілтемелер

Паралимпиада спортының барлық жаңалықтары Сурдлимпиада спортының барлық жаңалықтары IWAS барлық жаңалықтары