XXIV жазғы Сурдлимпиада ойындары мәресіне жетті

XXIV жазғы Сурдлимпиада ойындары мәресіне жетті

Бразилияның Кашиас-ду-Сул қаласында өткен XXIV жазғы Сурдлимпиада ойындары өз мәресіне жетті. 1-15 мамыр аралығында өткен жарыста әлемнің 73 елінен 2500-ге жуық спортшысы өнер көрсетіп, бақ сынады. Байрақты бәсекеде Қазақстан спортшылары 28 медальға қол жеткізді: 3 «алтын», 7 «күміс» және 18 «қола». Бұл нәтижемен Қазақстан жалпы медальдық есеппен 13-ші орынға орналасты. Тізімнің топ басында 137 медальмен Украина тұр. Екінші орынды 54 медальмен АҚШ еншіледі.Үздік үштікті  40 медальмен Иран спортшылары түйіндеді. Ұлттық құраманың  басты серіктесі - «SportQory. Еліміздің спортшылары Бразилиядан 19-шы мамырда сағат 3.25 Алматы қаласына QR 389 рейсімен ұшып келеді.

Жаңалықпен бөлісу

Пайдалы сілтемелер

Паралимпиада спортының барлық жаңалықтары Сурдлимпиада спортының барлық жаңалықтары IWAS барлық жаңалықтары