«Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК-да пара спортшылармен 2025–2030 жылдарға арналған заң және тәртіп идеологиясын қоғамда ілгерілету тұжырымдамасын түсіндіруге бағытталған кездесуі өтті. Кездесудің мақсаты — тұжырымдаманы насихаттау, оның әр азамат үшін маңызын түсіндіру және заң талаптарын сақтау спорт саласында да шешуші рөл атқаратынын көрсету. Кездесуде директордың орынбасары Лескен Есекеев спортшылар мен жаттықтырушыларға аталған тұжырымданың маңыздылығына тоқталып, спорт саласындағы негізгі аспектілерді атап өтті. Сонымен қатар тақырыпты толықырық тарқату үшін орталықтың құқықтық және әкімішілік іс-жүргізу басқармасының басшысы Талғат Ибраев баяндама жасады. Онда спортшыларға тұжырымдаманың мәні және оның елдің тұрақты дамуы үшін маңыздылығ, заңға құрмет мәдениетін қалыптастырудағы мемлекеттік мақсаттарды, қоғамда да, спортта да ережені құрметтеу мінез-құлықтың негізгі қағидалары, спортшының құқықтық сауаттылығы және спорттық этика қағидаларының талаптары атап өтіліп, түсіндіріліп, өмірден алынған мысалдар талқыланды. Келесіде сөз кезегі орталықтың заң бөлімінің басшысы Мұқанәлі Мұқанға берілді. Өз сөзінде ол «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасының құрамдас бөлігі болып табылатын сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен құқық бұзушылықтары мәселелеріне тоқталды. Кездесу қорытындысында лекторлар пара спортшылардың өздері-ақ тәртіп, ерік-жігер және ережені құрметтеудің үлгісі екенін, сондықтан олардың қоғамдағы құқықтық сананы дамытудағы рөлі ерекше екенін атап өтті. 


