Жанбота Аманжол пара дзюдодан әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Жанбота Аманжол пара дзюдодан әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Баку қаласында пара дзюдодан өтіп жатқан әлем чемпионатында отандасымыз Жанбота Аманжол қола жүлдегер атанды. Жанбота 90 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін бәсекеде Германияның спортшысы Горал Даниэльмен татамиге шықты. Тартысты белдесуде Жанбота «иппонмен» жеңіске жетті. Осылайша, жарыстың екінші күнінде Жанбота Аманжол Қазақстан қоржынына бесінші медальді салды. Бұған дейін жарыстын алғашқы күнінде J-2 -48 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Ақмарал Науатбек пен J1 -73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Ерғали Шамей алтын медальға ие болса, Даяна Федосова (J1 -57 кг) мен Олжас Оразалыұлы (J1 -73 кг) қола медальға қол жеткізген болатын.

Жаңалықпен бөлісу

Пайдалы сілтемелер

Паралимпиада спортының барлық жаңалықтары Сурдлимпиада спортының барлық жаңалықтары IWAS барлық жаңалықтары