Павлодар қаласында 6-12 сәуір аралығында жастар арасында пара үстел теннисінен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Жарысқа еліміздің 11 өңірінен 50-ге жуық спортшы қатысты. Жарыс қортындысы бойынша командалық есепте: 1 орын – Атырау облысы (9 алтын, 5 күміс, 2 қола); 2 орын – Астана қаласы (4 алтын, 2 күміс, 5 қола); 3 орын – Ақтөбе облысы (3 алтын, 2 күміс, 1 қола).
