Астанада жүзуден есту қабілеті зақымданған балалар және жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды. Чемпионат қарашаның 10-11 аралығында өтеді. Жарыста еліміздің 11 өңірінен 60-тан астам спортшы бақ сынайды. Спортшылар 9 дисциплинада өнер көрсететін болады:
- 25 м еркін стильде жүзу;
- 50 м еркін стильде жүзу;
- 100 м брасс;
- 25 м шалқалап жүзу;
- 100 м комплексті жүзу;
- 200 м еркін стильде жүзу;
- 200 м шалқалап жүзу;
- 200 м баттерфляй;
- 4×5 еркін стильде жүзу.



