Жүзуден есту қабілеті зақымданған балалар және жасөспірімдер арасында  Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті

Жүзуден есту қабілеті зақымданған балалар және жасөспірімдер арасында  Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті

Астана қаласында 10-11 қара аралығында жүзуден есту қабілеті зақымданған балалар және жасөспірімдер арасында  Қазақстан чемпионаты өтті. Жарысқа еліміздің 11 өңірінен 60-тан астам спортшы қатысты. Чемпионатта 12 жасқа дейінгі балалар және 13-15 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен 16-18 жас аралықтағы жастар 9 дисциплина бойынша өнер көрсетті.   Жалпы командалық есеп бойынша: 1 орын – Астана қаласы (13 алтын, 14 күміс, 12 қола); 2 орын – Қарағанды облысы (13 алтын, 8 күміс, 7 қола); 3 орын – Алматы қаласы (8 алтын, 8 күміс, 7 қола); 4 орын – Жамбыл облысы (6 алтын, 5 күміс, 2 қола); 5 орын – Шымкент қаласы (6 алтын, 3 күміс, 6 қола); 6 орын – Абай облысы (3 алтын, 3 күміс); 7 орын – Атырау облысы   (3 алтын, 1 қола); 8 орын – Павлодар облысы (3 алтын); 9 орын – Ақтөбе облысы (1 алтын, 3 күміс, 4 қола); 10 орын – Қостанай облысы (3 күміс); 11 орын – Ақмола облысы (2 күміс, 2 қола).

Жаңалықпен бөлісу

Пайдалы сілтемелер

Паралимпиада спортының барлық жаңалықтары Сурдлимпиада спортының барлық жаңалықтары IWAS барлық жаңалықтары