«Жыл Үздігі -2023» атты онлайн байқауының өтетіндігін хабарлаймыз

«Жыл Үздігі -2023» атты онлайн байқауының өтетіндігін хабарлаймыз

Биыл жылдың  6-25 желтоқсан аралығында Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының ресми сайтында «Жыл Үздігі» атты онлайн байқауы өтеді.   Байқау келесі номинациялар бойынша сарапқа салынады:   «Паралимпиадалық спорт түрлерінің үздік спортшысы»; «Сурдлимпиадалық спорт түрлерінің үздік спортшысы»; «Паралимпиадалық емес спорт түрлерінің үздік спортшысы»; «Паралимпиадалық спорт түрлерінің үздік жаттықтырушысы»; «Сурдлимпиадалық спорт түрлерінің үздік жаттықтырушысы»; «Паралимпиадалық емес спорт түрлерінің үздік жаттықтырушысы»; «Үздік команда бастығы»; «Үздік әдіскер»; «Үздік спорт дәрігері».   Аталған номинацияларға үміткерлер 2023 жылдың жетістіктеріне қарай іріктелді. Осы орайда үздіктерді анықтау үшін csp-parasport.kz сайтында «Дауыс беру» бөліміне өтіп,  үміткерлерге дауыс беру кажет!   Байқау қортындысы бойынша әр номинацияда ең көп дауыс жинаған үміткер  жеңімпаз атанып,  естелік сыйлықтармен марапатталатын болады.   Баршаңызды csp-parasport.kz сайтына өтіп, үміткерлерге дауыс беру арқылы үздіктерді анықтауға шақырамыз!

Жаңалықпен бөлісу

Пайдалы сілтемелер

Паралимпиада спортының барлық жаңалықтары Сурдлимпиада спортының барлық жаңалықтары IWAS барлық жаңалықтары