«Жыл Үздігі – 2023» онлайн байқауының қортындысы

«Жыл Үздігі – 2023» онлайн байқауының қортындысы

Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының ресми сайтында ұйымдастырлған «Жыл Үздігі - 2023» атты онлайн байқауы өз мәресіне жетті. Үздіктерді анықтау үшін, сайтта үміткерлерге дауыс беру арқылы жүргізілді. Байқаудың қортындысы бойынша жеңімпаздар келесі номинациялар бойынша анықталды: «Паралимпиадалық спорт түрлерінің үздік спортшысы» номнациясы бойынша пара пауэрлифтинтен Паралимпиада чемпионы Давид Дегтярев жеңіске жетті   «Сурдлимпиадалық спорт түрлерінің үздік спортшысы» номинациясында жеңіске грек-рим күресінен әлем чемпионы Нұржан Асан жеңіске ие болды   «Паралимпиадалық емес спорт түрлерінің үздік спортшысы» номинациясында пара биден әлем чемпионы Ардақ Оторбаев үздік атанды «Паралимпиадалық спорт түрлерінің үздік жаттықтырушысы» номнациясымен  волейболды отырып ойнаудан ұлттық құрама бас жаттықтырушысы Бауыржан Тахауов марапатталды «Сурдлимпиадалық спорт түрлерінің үздік жаттықтырушысы» номинациясында еркін күрестен аға жаттықтырушы Ерназар Қонысбаев үздік атанды «Паралимпиадалық емес спорт түрлерінің үздік жаттықтырушысы» номинациясында Тойжан Алшынова жеңіске жетті «Үздік команда бастығы» номинациясында пара шаңғы спорты және пара дзюдодан ұлттық құрама бастығы Айдын Әнәпин марапатталды «Үздік әдіскер» номинациясында паралимпиадалық спорт түрлері бөлімінің әдіскері Эллина Байдельдинова үздік атанды «Үздік спорт дәрігері» номинациясына  паралимпиадалық спорт түрлері бөлімінің спорттық дәрігері Азамат Нұрмаханов ие болды  Байқау жеңімпаздары естелік сыйлықтармен марапатталып, Орталықтың грамоталары табысталды.

Жаңалықпен бөлісу

Пайдалы сілтемелер

Паралимпиада спортының барлық жаңалықтары Сурдлимпиада спортының барлық жаңалықтары IWAS барлық жаңалықтары