Талдықорғанда тірек-қимыл аппараты, көру қабілеті зақымданған және интеллектуалды даму ерекшеліктері бар спортшылар арасында пара жүзуден ел біріншілігі басталды. Жарысқа еліміздің 18 өңірінен 150-ден астам спортшы сынға түседі.
«Бұл чемпионат жыл сайын жоспарлы түрде ұйымдастырылады. Аталмыш бәсекенің нәтижесі бойынша үздік өнер көрсеткен спортшылар ұлттық команда қатарына іріктеледі. Алдағы уақытта Қазақстан спортшылары пара жүзуден екі әлемдік серия жарыстарына қатысады. Атап айтқанда, жарыстар 1-2 мамырда Парижде және 7-9 мамырда Берлинде өтеді. Біздің мақсатымыз — аталған додаларда спорттық нормативтерді орындап, үздік нәтиже көрсету»,- деді пара жүзуден бас жаттықтырушы Айдар Картпаев.
Айта кетейік, пара жүзуден Қазақстан Республикасының чемпионаты 3 сәуірге дейін жалғасады.


