Теміртау қаласында есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында сурдо дзюдодан Қазақстан Республикасының кубогы өтті.Жарысқа еліміздің 15 өңірінен 120-дан аса спортшы қатысты.
«Турнирде ерлер мен әйелдер 7 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсті. Жалпы командалық есеп бойынша бірінші орынды Жамбыл облысы (4 алтын, 2 күміс, 2 қола), екінші орынды Алматы құрамасы (3 алтын, 1 күміс, 1 қола), ал үшінші орынды Астана командасы (2 алтын, 8 қола) алды. Жарыс қорытындысы бойынша үздік өнер көрсеткен спортшылар сурдо дзюдодан Қазақстан командасының қатарына іріктелетін болады», – деді Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының әдіскері Ольга Будко.
