Теміртау қаласында сурдо дзюдодан Қазақстан кубогы өтті – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Теміртау қаласында сурдо дзюдодан Қазақстан кубогы өтті


Теміртау қаласында есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында сурдо дзюдодан Қазақстан Республикасының  кубогы  өтті.Жарысқа еліміздің 15 өңірінен 120-дан аса спортшы қатысты.

«Турнирде ерлер мен әйелдер 7 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсті. Жалпы командалық есеп бойынша бірінші орынды Жамбыл облысы (4 алтын, 2 күміс, 2 қола), екінші орынды Алматы құрамасы (3 алтын, 1 күміс, 1 қола), ал үшінші орынды  Астана  командасы (2 алтын, 8 қола)  алды. Жарыс қорытындысы бойынша үздік өнер көрсеткен спортшылар сурдо дзюдодан Қазақстан командасының қатарына іріктелетін болады», – деді Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының әдіскері Ольга Будко.


Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

seven + eleven =