Павлодар қаласында  пара үстел теннисінен ел біріншілігі басталды – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Павлодар қаласында  пара үстел теннисінен ел біріншілігі басталды


Павлодар қ. тірек-қимыл аппараты зақымданған жастар арасында пара үстел теннисінен ел біріншілігі өз бастауын алды. Жарысқа Астана қаласы мен Атырау, Жетісу, Қостанай, Қызылорда, Алматы, Түркістан және Павлодар облыстарының командалары қатысуда.

«Пара үстел теннисінен Қазақстан Республикасының чемпионаты 2004 жылғы және одан кіші жастар арасында жекелей, жұптық және  аралас жұптық ойын түрлері бойынша өтуде. Аталған бәсекенің басты мақсаты – жас буын арасынан мықтыларды анықтап, үздік спортшыларды  пара үстел теннисінен Қазақстан командасының қатарына іріктеу. Алдағы жарыс күндерінде өнер көрсететін барлық спортшыларға сәттілік тілейміз», – деді Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының пара үстел теннисінен команда басшысы Ерлан Дусмаилов.

Айта кетейік, пара үстел теннисінен жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты 12 сәуірге дейін жалғасады.

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

13 + fifteen =