Тұрсынай Қабыл Паралимпиада ойындарын 6-шы орынмен аяқтады – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Тұрсынай Қабыл Паралимпиада ойындарын 6-шы орынмен аяқтады


45 кг салмақ дәрежесінде пара пауэрлифтингте сынға түскен Тұрсынай Қабыл Париж-2024 Паралимпиада ойындарында 95 кг нәтижесімен алтыншы орынға тұрақтады. Жарыстың алтын медалін Қытай спортшысы Гуо Линглинг 123 кг нәтижесімен жеңіп алды, бұл жаңа әлем рекорды болып табылады. Күміс медальді 109 кг нәтижесімен Ұлыбритания спортшысы Зои Ньюсон еншіледі, ал қола медаль 108 кг нәтижесімен Түркия спортшысы Муратлы Назмиеге бұйырды. Осылайша, Тұрсынай Паралимпиада ойындарында жарыс жолын аяқтады.

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

nineteen − 9 =