Қазақстандық пара жеңіл атлеттер әлемдік Гран-При сериясында 11 медаль еншіледі  – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстандық пара жеңіл атлеттер әлемдік Гран-При сериясында 11 медаль еншіледі 


Марокконың Рабат қаласында пара жеңіл атлетикадан Гран-приде қазақстандық пара спортшылар 1 алтын, 4 күміс және 6 қола медаль  жеңіп алды.

Атап айтқанда, диск лақтырудан F-53 класында өнер көрсеткен Махамбет Серикалиев жеңімпаз, ал Санат Есмахамбет қола жүлдегер атанды.

Мейіржан Макшат T-46 класында ұзындыққа секіруден  күміс жүлдені еншіледі. 

200 м қашықтыққа жүгіруден Мейіржан Мақшат(T-46) пен Аман Устебаев (T-36) жарыстың қола жүлдесіне ие болды. 

Найза лақтырудан Мұқан Айтмырзаев (F-55) пен Махамбет Серикалиев (F-53) қола жүлдені жеңіп алды.

Ядроны серпуден Дастан Мукашбеков (F-36),  Равиль Мансурбаев (F46) және Мұқан Айтмырзаев  (F-55) күміс медаль еншілесе, Диана Шапошникова (F-40) қола медаль жеңіп алды. 

Айта кетсек, тірек-қимыл аппараты, көру қабілеті зақымданған және интеллектуалды даму ерекшеліктері бар спортшылар арасында өткен пара жеңіл атлетикадан Гран-при жарысы 23-25 сәуір аралығында өтті. Аталмыш додаға 57 елден 750-ден астам спортшы қатысты.

 


Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

three × 5 =