Подгорица қаласында (Черногория) көру қабілеті зақымданған спортшылар арасында командалық шахматтан Әлем чемпионатында Ерлан Нурхаев жекелей сында қола жүлдегер атанды. Аталған бәсекеде бірінші орынды болгариялық спортшы Коста Ангелов, ал екінші орынды украиндық Олег Тука алды.
«Командалық шахматтан Әлем чемпионатында спортшылар жекелей және командалық ойын түрлері бойынша сынға түсті. 9 турдың қорытындысы бойынша Ерлан Нуралиев 5 ұпай жинап, қола медальді иеленді. Осы жарыста Қазақстан командасының қатарында Мурад Тохтахунов, Жаныбек Токтыбай, Бақытжан Нурак пен Ринат Сатыбалдиев ел намысын қорғады», – деді шахматтан Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының аға жаттықтырушысы Зинятқыз Нусипбаева.
Айта кетейік, командалық шахматтан Әлем чемпионаты 17–28 сәуір аралығында өтті. Аталған бәсекеге 21 елден 100-ден аса спортшы қатысты.